Жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

587

"Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашовтың айтуынша, мұнайлы аймақтағы 63 нысанға бақылау жасалған.  

 Жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды

Оның айтуынша, жол құрылыс жұмыстарына 417 рет, қысқы маусымдағы жолдардың күтімін қадағалау үшін 18-рет тексеріс ұйымдастырылған.  Нәтижесінде 151 кемшілік анықталған, оның 41-і өрескел ақаулық. Сондай-ақ, мамандар  жол құрылысына қажетті материалдардан 405 сынама алып, тексеру үшін филиал зертханасына жеткізген. Зертханалық тексеру барысында 60 сынаманың талапқа сәйкес еместігі анықталған. Ұлттық сапа орталығы тексеріс кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жол құрылысына тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолдады. Орталық мамандары анықталған ақаулардың уақытылы  қалыпқа келтірілуін қатаң бақылауда ұстайды.   

Еске сала кетейік, "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын және әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар жол салуға қажетті материалдардың сапасын тексереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу