Жол сапасын бақылайтын мамандар 3,9 мың олқылықты анықтады

714

Жол-құрылыс материалдарын тексеруде 9 мың сынама алынған.

Жол сапасын бақылайтын мамандар 3,9 мың олқылықты анықтады

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтері сапасы ұлттық орталығының қызметкерлері жолдарды тексеру кезінде 3,9 мың олқылықты анықтады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Орталық мамандары 6 айда елдегі жолдарға 5647 инспекциялық сапар жасаған. Сапар барысында жол-құрылыс материалдарының 9 мың сынамасын алып, сынақтан өткізген.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында жолдардың 2442 шақырымы құралдық диагностикадан, 1457 шақырымы жол учаскелерінің кепілді мониторингінен өткен.

Мамандар құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын сараптауды жалғастырады, осылайша биыл жалпы

6700 инспекциялық сапарға шығу көзделсе, 11680 шақырым жол құралдық диагностикадан, 4665 шақырым жол кепілді учаскелердің мониторингінен өтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу