Жол сапасына жауапты 2,5 мың адамға айыппұл салынды

598

Биыл 39,5 мың жол инфрақұрылымының кемшілігі анықталды. 

Жол сапасына жауапты 2,5 мың адамға айыппұл салынды

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ішкі істер органдары жол инфрақұрылымы сапасын бақылайтынын айтады. Мәселен, биылғы жылы инспекция 388 мың шақырым жолға 20 мыңнан аса тексеріс жүргізген. 

"Нәтижесінде жол қауіпсіздігіне кері әсер ететін 39,5 мың жол инфрақұрылымының кемшілігі анықталды. Жамбыл облысында 9 мыңнан аса, Алматы облысында 5 мың, Түркістан облысында 4,5 мың, Павлодар облысында 3,8 мың, Ақмола облысында 3 мың осындай факт тіркелді. Бұлар бойынша 19 мың ұйғарым шығарылып, жол сапасына жауапты 2,5 мың адамға айыппұл салынды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу