Ақтөбеде көшеге шығып кеткен кішкентай қыз жұрттың үрейін ұшырды

150

Ол бірнеше рет тас жолға да шығып кеткен.  

Ақтөбеде көшеге шығып кеткен кішкентай қыз жұрттың үрейін ұшырды Фото: бейнежазбадан

Ақтөбеде бейнебақылау камераларына кішкентай қыздың ата-анасының қарауынсыз жол жиегінде жүрген сәті түсіп қалған. Абырой болғанда, жүргізушілер дер кезінде баланы байқап, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жазба авторы жариялаған видеоның астында желі қолданушыларына мынадай сұрақ қойылған: "Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда кім кінәлі болады? Жүргізушілер ме, әлде ата-аналар ма?"

Бейне Қазнетте қызу талқыға түсті. Дегенмен, көпшіліктің пікірінше, мұндай жайтта ата-ана кінәлі.

Аталған жағдайға Ақтөбе облыстық полиция департаменті де пікір білдірді. Мамандар кішкентай баланың көлік қозғалысы тығыз жолға жүгіріп шыққан сәті бейнеленген видеоны зерттегенін айтты:

"Жүргізушілердің сақтығының арқасында қайғылы оқиға болмады – ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу