Жол жөндеуге 3,5 триллион теңге бөлінеді

850

Қаражат бес жылда игеріледі. 

Жол жөндеуге 3,5 триллион теңге бөлінеді

2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жол” бағдарламасы жайлы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. Оның айтуынша, жобаның жалпы бюджеті 5.5 триллион теңге, оның 3.5 триллионы автожолға жұмсалады. 

Бөлінген ақшаға 11 мың шақырым жол жөнделеді. 2025 жылға дейін елде республикалық деңгейдегі 13 мың шақырым автожол қалпына келтіріледі. 

“Жол бойында қызмет көрсететін нысандарды салуға бюджеттен ақша бөлінбеген. Біз бизнеспен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Қызмет көрсетушілерге орын беріліп, қажетті жағдай жасалады”, – деп мәлімдеді министр. 

Естеріңізге сала кетейік, елдегі 11 мың шақырым жол жөнделген соң ақылы болады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу