"Жолаушы шағым түсірген": Петропавлда заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік елден шығарылды

775

Петропавл тұрғынының такси жүргізушісінің дөрекілігіне қатысты шағымы күтпеген нәтижеге әкелді.  

"Жолаушы шағым түсірген": Петропавлда заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік елден шығарылды Фото: polisia.kz

Өтінішті тексеру барысында полицейлер жүргізушінің 42 жастағы шетел азаматы екенін және көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол жолаушылар тасымалымен айналысқан. Алайда Қазақстанға кірген кезде келу мақсаты ретінде еңбек қызметін немесе кәсіпкерлік қызметті көрсетпеген.

Бұған қоса, бұған дейін де дәл осы себеппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық бойынша материал жинап, әкімшілік сотқа жолдады.

Сот шешімімен ер адамға 1 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, кейін Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығару белгіленді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 679 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 633-і көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Қазақстан Республикасынан 45 шетелдік азамат шығарылды.

Бұдан бөлек, 152 шетелдік азаматтың ел аумағында болу мерзімі қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу