Жолаушылар қауіпсіздігі бақылауда: ІІМ LRT вагондарын тексерді

189

Басты назар жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылды.

Жолаушылар қауіпсіздігі бақылауда: ІІМ LRT вагондарын тексерді Фото: akorda.kz

Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік LRT нысандарын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары вагондарды, станцияларды және техникалық жүйелерді қарап шықты. Қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына жасалған жағдайлар зерделенді.

ІІМ LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

LRT-ның іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қала тұрғындарының қатынау ыңғайлылығы мен мобильдігін арттырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу