Жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 9 адам қаза тапты

1338

Тағы 40 адам жарақат алды. 

Жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 9 адам қаза тапты Фото: The Indian Express

Үндістанда Канчанджанг экспресі жүк пойызымен соқтығысып, салдарынан 9 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Аймақтың негізгі теміржолында қалааралық пойыздардың жүру кестесі бұзылған. Канчанджанг экспресінің артқы жағындағы үш вагон жүк пойызының соққысына байланысты рельстен шығып кеткен.

Таңертең жауған нөсер жаңбыр салдарынан адамдарды үйінді астынан шығару жұмыстары қиынға соққан.

"Бес адам, соның ішінде жүк пойызының локомотив машинисі де оқиға орнында қаза тапты. Жиырма бес адам жарақат алды. Адамдарды үйінді астынан шығаруға тырысып жатырмыз. Жергілікті тұрғындар көп көмектесті", - деді станция қызметкері.

Кейінірек қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстарына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Олар 50 мың рупий алады.

Ал теміржол министрі Ашвини Вайшнау рельстен шыққан екі вагон пошта вагоны болғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу