Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді

1351

Пойыз бригадасы радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздеген. 

Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді

"Жолаушылар тасымалы"  АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, нәресте № 91 "Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол" бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында дүниеге келген.

Гүлнүр Жолдас  есімді келіншек жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігерді іздеген. Абырой болғанда, сол құрамда білікті акушер мамандар табыла кетіпті. Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаевалар 6 вагонға келіп, жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алған.

"Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді. Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз бастығы Меруерт Қорабаевға алғысын білдіреді",– делінген компания баспасөз қызметі хабарламасында.

Нәрестеге анасы Меруерт деген есім берді.

Айта кетсек, өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу