"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

939

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды Фото: 365info.kz

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу