"Жолаушылар тасымалы" осы айда 23 вагон сатып алады

1179

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры вагондарға қандай талап қойылатынын айтты.

"Жолаушылар тасымалы" осы айда 23 вагон сатып алады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ осы айдың соңына дейін Ресейден 23 вагон сатып алмақ. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры М. Кортюм айтты.

"Біз "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ны барынша "жасыл" (экологияға негізделген) компания еткіміз келеді. Заманауи вагондар көмір жақпауға тиіс, олар экологиялы, дикелік тежегішті болуға тиіс. Біз осымен де қазір белсенді жұмыс жүргізудеміз", – деді М. Кортюм баспасөз мәслихатында.

М. Кортюм жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен алға қойған нәтижелерге қол жеткізу үшін өндірісте ІТ-технологияларды белсенді енгізу, билеттерді сату жүйесін жақсарту, вагондарды жөндеу мен сатып алуды жандандыру, сондай-ақ корпоративішілік мәдениетті күшейту мәселелерін қозғады.

"Бізде "жылдам жеңіс" және айтарлықтай ұзақ мерзімді стратегия бар. Жақын уақытта екі міндетті – келесі жазғы маусымға вагондар жетіспеушілігі проблемасын жою және пойыздарда төсек керек-жарағын жаңарту шешімі күтіп тұр. Ұзақмерзімді кезенге ақпараттық жүйе жұмысын жақсарту, вагондар паркін жаңарту, жөндеу бойынша міндеттер қойылып отыр",– деді.

Айта кетсек, "Жолаушылар тасымалы" АҚ құрылымына 4 филиал - "Оңтүстік", "Батыс", "Экспресс" және "Солтүстік" және 2 еншілес кіреді. Компания бүгінде 120 бағытта жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу