Жолаушылар теміржол көлігі қызметтері бір жылда 10,5%-ға қымбаттаған

282

Жыл басынан бері теміржол көлігімен 15,1 млн жолаушы тасымалданды. 

Жолаушылар теміржол көлігі қызметтері бір жылда 10,5%-ға қымбаттаған Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында теміржол көлігімен 308,1 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл былтырғыға қарағанда 0,7%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Үш тоқсанның қорытындысы бойынша теміржол көлігінің жүк айналымы 243 млрд ткм болды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 5%-ға артық.

Жүк тасымалының ең үлкен көлемі Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарына, ең аз көлемі Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарына тиесілі.

9 айдың қорытындысы бойынша 15,1 млн жолаушы тасымалданды: +2,9%.

Жолаушылар айналымы 12,4 млрд пкм болды: -0,9%.

Тасымалданған жолаушылардың көбі Астанада тіркелді: 4,2 млн адам, бір жылда +18,9%. Одан кейінгі орындарда Ақтөбе және Қызылорда облыстары орналасты. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында байқалды: жыл басынан бері барлығы 145,5 мың жолаушы.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша елімізде жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау бағасы бір жылда 10,5%-ға артты. Қала маңындағы поезда жол жүру құны 10,7%-ға, республика ішілік қатынас поезының плацкарт вагонында – 11,3%, республика ішілік қатынас поезының купе вагонында 9,4%-ға қымбаттады.

Республика бойынша бағаның өсуін Маңғыстау (30,3%-ға), Жетісу (21,1%-ға) және Солтүстік Қазақстан (20,2%-ға) облыстарының тұрғындары айтарлықтай сезінді.

Ең аз қымбаттау ШҚО-да тіркелді: 2,4%. Қызылорда және Атырау облыстарында баға төмендеді: сәйкесінше 1% және 6,2%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу