Туристердің айтуынша, ұшақ олардың көз алдында жөнделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға Анталья – Астана бағыты бойынша KC216 рейсінде орын алды. Ұшақ 28 маусым күні жергілікті уақытпен 11:25-те ұшуы тиіс болған, алайда белгіленген уақытта әуеге көтеріле алмаған.
Жолаушылардың сөзінше, оларды терминалда қалдырып, әуежайдың тұрақ алаңында техникалық мамандардың жөндеу жұмыстарын жүргізгенін бақылауға тура келген.
"Анталья – Астана бағыты бойынша KC216 рейсі 28 маусымда жергілікті уақытпен 11:25-те ұшуы жоспарланған болатын. Техникалық себепке байланысты рейс 19:33-ке дейін кейінге қалдырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Компания келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.