Жолаушылар ұшағы лаңкестік қауіпке байланысты Прагаға шұғыл қонды

803

Жолаушылар ұшағы лаңкестік қауіпке байланысты Прагаға шұғыл қонды

Испаниядан Польшаға бет алған жолаушылар ұшағы лаңкестік қаупіне байланысты шұғыл түрде Чехия астанасы Прага әуежайына қонды. Өйткені әуеде жолаушылардың бірі "жарылғыш затты іске қосамын" деп қорқытқан. Канар аралдарынан Варшаваға келе жатқан Boeing 737 ұшағында 162 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Әуежайға қонғаннан кейін ұшақ арнайы тұраққа орналастырылып, жолаушылар аман-есен қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиғаға қатысты бір адам тұтқындалды. Бірақ онда жарылғыш заттың болған-болмағаны белгісіз, деп жазады 24Хабар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу