Жолаушылардан жауапкершілік алынды

812

Жолаушылардан жауапкершілік алынды

2018 жылғы 3 мамырдан бастап әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардан жиі шағым түсуін ескере отырып, мұндай жолаушылардың (мүгедектер мен жүкті әйелдер) ұшу кезінде жарақатқа немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін жағдайлар бойынша жауапкершілікті өз мойнына алу туралы құжаттарға қол қою туралы әуе компаниялардың талабы алынып тасталды. Бұл тәртіп барлық жолаушыларға қолданылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу