Жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылардан 3 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

663

 Жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылардан 3 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын компаниялармен күрес күшейе түсті. Өйткені, көлік иелері кез келген жерді, тіпті, үйлердің ауласына дейін автотұрақ етіп, қалааралық бағытқа емін-еркін қатынауды тоқтатпай отыр, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Көлігін күнкөрістің көзіне айналдырғандар ешқандай салық төлемейді. Жүргізушінің денсаулығы мен көліктің ақауын тексеретін де ешкім жоқ.

Өңірде бүгінгі таңда  жолаушы тасымалдау ісімен 62 компания айналысады.  Олардың меншігінде 2700-ден астам шағын және үлкен автобус бар.

Жолаушыларды заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою үшін облыста мобильді топтар құрылған. Олар осы кезге дейін 23 мәрте рейд ұйымдастырып, 300-ден астам заңбұзушылыққа байланысты хаттама толтырды. Олардан 3 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу