Жолаушыларға жүргізушісі жоқ такси қызмет ететін күн жақын

Әзірге пилотсыз такси шақыру құзіреті Сан-Франциско мен Остиндегі (Техас штаты) Tesla қызметкерлерінде ғана болмақ.  

Жолаушыларға жүргізушісі жоқ такси қызмет ететін күн жақын Фото: hi-tech.ua

Бұған дейін Илон Маск Robotaxi такси қызметін 2025 жылдың жазында іске қосуға уәде берген еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы күні Tesla автономды таксиді сынақтап өткізіп жатыр. Robotaxi-ге тапсырыс беру үшін қызметкерлер арнайы қолданбаны пайдаланбақ. Көлік келген уақытта телефонға арнайы хабарлама түседі. Әзірге қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көлікте жүргізуші болады, бірақ көлік өзі қозғалып, жолаушыны жеткізетін мүмкіндікке ие.

Көліктің артқы орындығында жолаушыға арналған қосымша экран бар. Жолаушы одан есімі мен бару керек мекенжайды растап, сапар қашан аяқталатынын біледі. Бұл функция әлі де жетілдірілмек.

Миллиардердің айтуынша, жүргізушісіз таксилер келесі жылдың соңына дейін өз жемісін беріп, компанияның қаржылық жағдайын жақсарта түсуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу