Жолдағы белгілердің басым бөлігі талапқа сай емес

859

Соның салдарынан жүргізушілерге қолайсыздықтар туындайды.

Жолдағы белгілердің басым бөлігі талапқа сай емес

Павлодар облысындағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың бойына қойылған кейбір белгілерді жаңартуға тура келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жергілікті филиалының мамандары Павлодар өңіріндегі 465 белгінің талапқа сай келер-келмесін тексерді. Соның нәтижесінде 302 белгінің дұрыс емес екені анықталды. Олардың барлығында дерлік жарық қайтаратын пленка болмай шықты. Ал бұл – жол белгілеріне қойылатын басты талап.

"Мысалы, Павлодар-Семей бағытындағы жолдың бойындағы 304 белгісінің 291-і талапқа сай келмейді. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша, әлі де кепілдік мерзімі бар бұл жолда 3В типіне жататын материалмен қорғалған жарық қайтарғыш белгілер орнатылуы тиіс еді. Алайда іс жүзінде мүлде олай емес", – дейді орталық өкілдері.

Тексеріс нәтижесі бойынша белгілерді ауыстыруға қатысты ұсынымдар берілді. Алдағы уақытта басқа да республикалық, жергілікті жолдардың белгісі електен өтеді.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу