Жолдауда айтылған шараларды іске асыруға жалпыұлттық жоспар әзірленді

776

Президент Жолдауында айтылған саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыру үшін 10 негізгі бағыттан тұратын жалпыұлттық жоспар әзірленді. Бұл тураллы бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Жолдауда айтылған шараларды іске асыруға жалпыұлттық жоспар әзірленді

"Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін президенттің өкілеттігі, парламент сенаты мен мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылады. Ұсынылып отырған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық келісу рәсімдерінен өтті. Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет", – деді Смайылов үкімет мүшелеріне. 

Оның айтуынша, әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу