Инвестициялық жобаларға 5 трлн теңгеден аса қаржы тарту жоспарлануда – Серік Жұманғарин

139

Жалпы ішкі өнім 2029 жылға қарай екі есеге артуы тиіс. 

Инвестициялық жобаларға 5 трлн теңгеден аса қаржы тарту жоспарлануда – Серік Жұманғарин Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттер шеңберінде бірқатар бағыт бойынша жұмыс жалғасады.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атап айтқанда, жаңа инвестициялық цикл, Alatau City-ды дамыту, инфляциямен күрес, импортқа тәуелділікті азайту, экономиканы ырықтандыру және кәсіпкерлікті дамыту.

"Жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есеге арттыру мақсатында жоғары инвестициялық белсенділікті ынталандырудағы мемлекеттің белсенді рөлі есебінен экономикалық өсудің жедел қарқыны қамтамасыз етілетін болады. Үкімет жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жоғары экспорттық өндірістер құруға болатын автомобиль жасау, теміржол машиналарын жасау, химия өнеркәсібі және мұнай-химия, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда минералдық-шикізат базасын толықтыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу сияқты перспективалы бағыттарды айқындады. Аталған салаларда еңбек өнімділігі деңгейі дүние жүзінде өңдеу өнеркәсібі бойынша өнімділіктің орташа деңгейінен едәуір асады және тиісінше экономиканың өсуіне ықпал етеді", – деді ведомство басшысы.

Серік Жұманғариннің айтуынша, салалық министрліктер әкімдіктермен бірлесіп нарықты нақты түсінумен, инвестиция қажеттіліктерімен, жобалардың болжамды географиялық орналасуына қарай жобалар тізбесін айқындау бойынша жұмыс жүргізетін болады.

"Инвестицияларға тапсырыс" жобаларының жалпы жоспарланған сомасы 5 трлн теңгеден асады. Талдау, құрылымдау және инвесторларды тарту бойынша жұмыс "Бәйтерек" холдингімен жүргізіледі. Ұлттық Банкпен бірлесіп, 1 млрд долларға дейінгі бюджетпен Экономиканың жоғары технологиялық салаларына инвестициялау бағдарламасы Ұлттық қор мен екінші деңгейдегі банктердің қаражатын тартумен әзірленеді", – деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу