Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды

1114

Құжат 81 тармақтан тұрады. 

Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды

Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Президентінің "Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды.

Құжат 81 тармақтан тұрады. Оның ішінде заман талабына сай тиімді мемлекет – 11 тармақ, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 15 тармақ, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика – 27 тармақ, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – 18 тармақ, қуатты өңірлер – қуатты ел – 10 тармақтан тұрады.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының қабылданған жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бекітуге жіберіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу