Жолдауды іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырылды

652

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

Жолдауды іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырылды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов, үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Бақытжан Сапарбаев баяндады.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

"Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек",– деді Аскар Мамин.

Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу