Жолды күтіп-баптауда олқылық танытқандардың ісі сотқа жетті

536

Жолды күтіп-баптауда олқылық танытқан лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жолды күтіп-баптауда олқылық танытқандардың ісі сотқа жетті

Енді міндетін дұрыс атқармағандар сотта жауап береді.

Бұл жайында әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты.

Сөзінше, олар жол сапасын қадағаламаған және арнайы белгілерді де орнатпаған. Бүгінде бейқам болған 400 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Естеріңізде болса, мамыр айында мемлекет басшысы уақытылы жөнделмеген жолдар үшін вице-министр Берік Қамалиевті қызметінен қуды. Ал оның тікелей басшысы, Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев мәселеге қатысты заңды күшейтуге бел буды. Маңызды құжат жыл соңына дейін қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу