Жолшы мамандарды даярлау үшін 750 білім беру гранты бөлінді

134

 Бүгінде "Көлік құрылысы" бағыты бойынша грантпен алты жоғары оқу орнына түсуге болады. 

Жолшы мамандарды даярлау үшін 750 білім беру гранты бөлінді Фото: gov.kz

2025 жылы жолшыларды даярлау үшін мемлекет тарапынан "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын оқуға 750 білім беру гранты бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олардың қатарында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық көлік және гуманитарлық университет, А. Сәғинов атындағы Қарағанды техникалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Логистика және көлік академиясы және С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті бар.

Аталған мамандықты таңдаған талапкерлер сұранысқа ие кәсіпті меңгеруге, заманауи инженерлік дағдыларды игеруге және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде былтырдан бастап елімізде "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша бағдарлама қайта жанданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу