Жолшылар сәуірге дейін қажетті материалдардың 70 пайызын дайындау керек

1104

 2020 жылы автомобиль жолдары саласында шамамен 100 мың адам еңбек етпек.

Жолшылар сәуірге дейін қажетті материалдардың 70 пайызын дайындау керек

Елімізде автомобиль жолдары саласында жобаларды іске асырып жатқан компаниялар осы жылдың сәуіріне дейін құрылыс қажеттіліктерінің жылдық қорының 70% дайындауға міндетті.

Биылғы жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда. ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мақсаттарға жолшыларға шақпақтастардың 27 млн тоннасы, темір-бетонды бұйымдардың 50,5 мың текше метрі, цементтің 644 мың тоннасы мен жанар-жағармай материалдарының 400 мың тоннасы қажет.

"Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ, ел қалаларындағы көшелерді жөндеуді  қоса алғанда, мамандардың есептеуінше, жол жабындысын салуға арналған негізгі материал – битумның 984 мың тоннасы керек. Осылайша, республикалық жолдар желісіне битумның 524 мың тоннасы, жергілікті жолдарға – 460 мың тоннасы қажет. Құрылыс маусымына қазіргі таңда дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жол компаниялары материалдарды дайындау жұмыстарын қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізбек ниетте", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, құрылыс маусымының қызған шағында іске асырылатын жобаларға жол-құрылыс техникасының 10 мың бірілігін, 77 уатқыш қондырғыларды, 57 бетон және 87 асфальт-бетонды өндіретін зауытты жұмылдыру жоспарланған.

Жалпылай алғанда, 2020 жылы автомобиль жолдары саласында шамамен 100 мың адам еңбек етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу