Осыдан кейін полиция бөліміне көліктің заңды иесі арыз жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шеберге тапсырған автокөлігін басқа адамның рұқсатсыз пайдаланғанын айтып шағымданады.
Тексеру барысында шебердің автокөлікті жөндеп болған соң, алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны анықталды. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасап, автокөлікті аударып алған.
Аталған дерек бойынша көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу