ЖОО бөлінетін мемлекеттік гранттар саны екінші жыл қатарынан азайып жатыр

382

Соңғы екі жылда гранттардың жалпы саны 3 мың 600 орынға қысқарған.  

ЖОО бөлінетін мемлекеттік гранттар саны екінші жыл қатарынан азайып жатыр Фото: ЖИ көмегімен жасалды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, 2026–2027 оқу жылында бакалавриатқа шамамен 75 мың 400 грант бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тағы 1 мың 700 орынға кем, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, ең көп қысқарту инженерия, құрылыс, педагогика және IT бағыттарына тиесілі болды. Инженерлік және құрылыс мамандықтары бойынша грант көлемі екі жылда шамамен 14 пайызға азайған.

Педагогикалық мамандықтарда да 1500-ден астам грант қысқартылды. Ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында былтыр грант саны артқанымен, биыл қайта төмендеп, 10 мыңнан сәл асатын деңгейде қалып отыр.

Есесіне мемлекет шетелдік университеттер мен олардың Қазақстандағы филиалдарына бөлінетін грант көлемін көбейтіп келеді. Атап айтқанда, Cardiff University Astana, Coventry Kazakhstan және басқа халықаралық оқу орындарына мыңнан астам грант қарастырылған.

Сарапшылардың айтуынша, грант санының азаюы талапкерлер арасындағы бәсекені күшейтіп, әсіресе сұраныс жоғары мамандықтарға түсу процесін қиындата түсуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу