ЖОО-дағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды

470

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында еліміздің жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Меморандум жасалды.

ЖОО-дағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында еліміздің жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Меморандум жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжатқа қол қою рәсіміне екі ведомство басшылығы, онлайн форматта елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өңірлік полиция департаменттерінің басшылары қосылды. Кездесу барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер санының өсуіне байланысты Ішкі істер министрлігімен қол қойылған меморандумның маңыздылығын атап өтті. 

"Қазір министрлік басымдылықты цифрландыру мәселелеріне қойып жатыр. Жалпы, дүниежүзілік стастистика қарайтын болсақ, киберқылмыстың деңгейі де, күрделілігі де өсіп келе жатыр. Сондықтан цифрландыру арқылы қауіпсіздікті жаңа деңгейге шығаруымыз керек", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу