ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс 31,8 мың орынға өсті – Асхат Аймағамбетов

807

Бүгінгі таңда еліміздің 50 жоғары оқу орнында екі дипломды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс 31,8 мың орынға өсті – Асхат Аймағамбетов

Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс 31,8 мың орынға өсті. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет сағатында мәлімдеді.

2018 жылы жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуді қарастыратын заң қабылданған болатын. Бүгінгі таңда еліміздің 50 жоғары оқу орнында екі дипломды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

"Атамекен" ҰКП алғаш рет 92 мамандық бойынша 2 мың білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингін дайындады. 15%-дан 50%-ға дейін ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттер үшін кедергісіз қолжетімділікті құрған жоғары оқу орындарының үлесі артты", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ведомствоның нақты шаралар қабылдап жатқанын, атап айтқанда, бес әлеуметтік бастама аясында МЖӘ тетіктері арқылы студенттік жатақханалардың құрылысы жүргізілуде екенін айтты.

"Біздің көрсеткіштер жыл сайын жақсарып келеді. Егер, 2011 жылы рейтингте 5 жоғары оқу орны болса, 2019 жылы – 10 ЖОО белгіленді. Бұл ретте төрт жыл ішінде жүзден астам позицияға (ТОП-300) көшкен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ позицияларын жоспарлы түрде арттырады", – дейді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу