ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

295

​eQyzmet.gov.kz электронды порталында жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған "Түлек" бөлімі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады Фото: ЖИ

Мұнда мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат жарияланады.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі кеңейтілді. Енді жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген, GPA көрсеткіші кемінде 3,33 болатын түлектер оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жекелеген әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурсқа қатыспай-ақ үміткер бола алады.

Бұл мүмкіндік мемлекеттік грантпен де, ақылы негізде де білім алған жастарға қолжетімді. Алайда үміткерлер заңнамада белгіленген талаптарға сай болуы керек.

Жаңа бөлімде бос жұмыс орындары туралы мәліметтермен қатар, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және мемлекеттік органдардың кадр қызметтерімен байланысу жолдары да ұсынылған.

Қызметке орналасу шарттары мен қолжетімді лауазымдар туралы толық ақпаратты eQyzmet.gov.kz порталындағы "Түлек" бөлімінен алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу