"ЖОО үздік оқытушысы–2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды

869

Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде грант жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ЖОО үздік оқытушысы–2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми- зерттеу жетістіктері бойынша бағаланып, нәтижелері министрліктің сайтына орналастырылды.

Министр білім және ғылым жүйесі үшін мұндай байқаулардың ашық түрде өтуі маңызды екендігін ерекше атап өтті.

Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты.

"Биыл ҚР БҒМ-мен енгізілген өзгерістерге сәйкес байқауға құжаттарды қабылдау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілгені қуантады. Бұрын-соңды бұл көп уақытты талап ететін. Жалпы бұл марапат оқытушыларды ынталандырып, шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік береді", – деп атап өтті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Әсел Төлебекова.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, "ЖОО үздік оқытушысы–2020" атағының иегері Қайролла Рахимов білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты одан әрі күшейту қажет деп есептейді.

"Заманауи технологиялар дамыған уақытта білім сапасын одан әрі арттырмасақ болмайды. Жалпы нарықта сапалы университеттер болуы керек деп санаймын. Алдымызда қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қалу міндеті тұр", – деді Қайролла Рахимов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу