Жоспарланған астық көлемінің 70 пайызға жуығы жиналды

519

12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды.

Жоспарланған астық көлемінің 70 пайызға жуығы жиналды

Елімізде 11,3 млн га астық жиналды. АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоспардың 69,8%-ын құрайды, деп жазады inbusiness.kz.

"12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын)", – делінген хабарламада.

337,5 мың га алқаптан майлы дақылдар жиналған. Жалпы жоспардың 10%-ы орындалып, 220,6 мың тонна бастырылған.

Сондай-ақ 66,5 мың га алқаптағы картоп жиналған, бұл жоспардың 34%-ы. Жиналған өнім – 1,4 млн тонна. Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналған, бұл жалпы алаңның 66%-ы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу