Аудан тұрғыны 2013 жылы жергілікті атқарушы органға тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алайда, уәкілетті орган құжаттарды негізсіз қабылдамай, бірнеше рет бас тартқан.
Жуалы ауданының прокуратурасы жолданымды қарау нәтижесінде мүгедектігі бар азаматшаның тұрғын үй кезегінен заңсыз шығару фактісін анықтады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен азаматшаның тұрғын үй алуға кезектілік бөлігінде құқығы қалпына келтірілді.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу