"Жұбайы мен ұлы күдікке ілінді": Алматыда өртеніп жатқан полицейдің денесі табылды

Жантүршігерлік оқиғаны Алматы облысының Полиция департаментінің ресми парақшасы растады.

"Жұбайы мен ұлы күдікке ілінді": Алматыда өртеніп жатқан полицейдің денесі табылды Фото: Бейнежазбадан

Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың жеке басы толық анықталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала дерек бойынша, қанды оқиға Алматы облысының Кеген ауданында тіркелген. Марқұм Алматы қаласы, Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған болуы мүмкін. 

Полицейдің денесі Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылды. Оны мал іздеп жүрген шопан хабарлаған.

Видеодан мәйіттің түгелдей жанып кеткенін байқау қиын емес.

– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында болғанын атап өтеміз.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің ресми парақшасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу