Жүк көлігінің нөмірін изолентамен өзгерткен жүргізуші 1 жылға куәлігінен айырылды

333

54 жастағы шетел азаматы бір тәулікке қамалды.

Жүк көлігінің нөмірін изолентамен өзгерткен жүргізуші 1 жылға куәлігінен айырылды Фото: Бейнежазбадан

Көкшетау – Астана тасжолында елордалық полицейлер Scania жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен өзгертіп, оны оқуды қиындатқаны анықталды.

54 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Полиция көлік нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу