Машинист теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатқан. Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек–Үштөбе учаскесіндегі Тауарасы-Айнабұлақ аралығында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқап қалған.
– Шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады, – делінген хабарламада.
Баланы ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды.