banner

Жүк тасымалдаушы монополист компанияның 5,3 млрд теңгеден астам активтері мемлекетке берілді

425

Бұл компания монополистік қызметтен 4,2 млрд теңге табыс тапты. 

Жүк тасымалдаушы монополист компанияның 5,3 млрд теңгеден астам активтері мемлекетке берілді Фото: kl.kcdn.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан елімізге жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген. 

"Компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады. Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу