Жұқпалы аурулар емделген ғимараттарға балалар ауруханасы көшіріледі

669

Қостанайда облыстық балалар ауруханасы жұқпалы ауруларды емдеген ғимараттарға көшіріледі.  

Жұқпалы аурулар емделген ғимараттарға балалар ауруханасы көшіріледі Фото: inform.kz

Ел арасында "Ковид орталық" аталып кеткен медициналық мекеме 180 науқасқа шақталған. Ал, бүгінде 8 корпустың біреуінде ғана өткір респираторлы вирус пен ішек ауруларына шалдыққан 20 шақты адам ем алып жатыр. Қалған 7 ғимарат 8 ай бойы қаңырап бос тұр. Аумағы 6 мың шаршы метр нысанның коммуналдық төлемақысы үшін айына 1 миллион теңгеден астам қаржы кетеді. 2 жылда мұнда 6 мыңнан астам адам ем қабылдаған. Жұқпалы аурулар жатқан корпустарға жақын күндері облыстық балалар ауруханасының 3 бөлімшесі уақытша орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу