Бортты ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин, Азамат Қабден басқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан Өскеменге шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болашақ ананы тікұшақпен тасымалдады.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтіп, 36 жастағы науқас ауруханаға аман-есен жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу