Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жақында ол Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚР Президентінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына, "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-інші тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов.
Депутаттар тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кету керек, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министр болып тағайындалғанын жазғанбыз.