Жұманғарин Министрліктің кесірінен кәсіпкерлер қолдаусыз қалғанын мойындады

374

Бұлай деуге депутаттардың көтерген мәселесі себеп болды.

Жұманғарин Министрліктің кесірінен кәсіпкерлер қолдаусыз қалғанын мойындады Фото: Ашық дереккөзден

Серік Жұманғарин өзі басқаратан Министрліктің кесірінен кәсіпкерлердің қолдаусыз қалғанын мойындады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр ведомство KazakhExport сақтандыруға жататын несиелер мен лизингтік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 600 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған. Бірақ бұл ақшаны бірде-бір экспорттаушы алмаған. Сондықтан қаражат пайдаланылмай қалған. Cебебі субсидиялаудың ережесі жоқ екен.  

"Сіздердің министрліктеріңіз осы ережелерді әзірлеуі керек емес пе? Бұл неге дер кезінде жасалмады? Неге институт 2022 жылдан бастап жұмыс істемеді? Министрліктің кінәсінен бизнес тоқтап қалды. Мемлекетте қолдау көрсетпейді. Осы жағдай нарықтағы шығынға әкеліп соқтырды", - деп сұрады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин.

"Бірінші оқылым маусым айының соңына жоспарланған деп естідім. Бұл заң жобасы қазірдің өзінде толық назарда. Оның басты себебі - дұрыс жоспарланбаған. Министрлік кінәсін жоққа шығармаймын. Жуап: біздің министрлік айыпты", - деп жауап берді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу