Жұмыс күшін ұстауға арналған шығын көбейіп келеді

507

Көрсеткіш бір жыл ішінде 17,8%-ға өсті.  

Жұмыс күшін ұстауға арналған шығын көбейіп келеді

Былтыр заңды тұлғалардың жұмыс күшін ұстауға жұмсаған шығындарының көлемі (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардан басқа, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынған деректер негізінде) 12,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық.

Өңірлер арасында жұмыс күшін ұстауға Алматы (1,9 трлн теңге) және Нұр-Сұлтан (1,3 трлн теңге) кәсіпкерлері көп шығындалады екен. Одан кейінгі орында Атырау (1,2 трлн теңге) және Қарағанды (1,1 трлн теңге) облыстары тұр.

Жұмыс күшін ұстауға жұмсалатын шығындардың 86,8%-ы қызметкерлердің жалақы қорына тиесілі. Бұл дегеніміз 10,8 трлн теңге. Көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға жоғары.

Оның ішінде жалақыға 7,9 трлн теңге, біржолғы төлемдер мен сыйлықақыларға – 1,5 трлн теңге, жұмыс істелмеген уақыт үшін ақы төлеуге – 870,7 млрд теңге, жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдеріне 523,1 млрд теңге жұмсалған. 

Жалақы қорында ескерілмейтін төлемдер мен шығыстар 1,6 трлн теңгені құрады. Көрсеткіш бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Олардың едәуір бөлігі жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтарға (693,2 млрд теңге) және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарға (663,3 млрд теңге) тиесілі.

Сонымен қатар 2021 жылы қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шығыстары 79,6 млрд теңгені, қызметкерлерді оқытуға жұмсалған қаржы – 32,6 млрд теңгені, мәдени іс-шараларды өткізуге, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға бағытталғаны 17,6 млрд теңгеге тең болды. 

Ғалия Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу