Жұмыспен қамтитын супермаркет құрылады

602

Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы онлайн супермаркет құрылады. Мұндай база электрондық еңбек биржасы негізінде жасалмақ деп хабарлайды inbusiness.kz

Жұмыспен қамтитын супермаркет құрылады

Қазіргі таңда электронды еңбек биржасының (ЭЕБ) базасында жұмыспен қамту саласындағы болашақ супермаркеттің 6 негізгі құрамдас бөлігінің 5-еуі жүзеге асырылды.

Бұл алаңда азаматтар бағыттар, кәсіптер және дағдылар бойынша лайықты бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер – олардың талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді іздейді. Жұмыс іздеушілер мұнда мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын да рәсімдей алады. 

Бүгінде платформаны 272 мыңға жуық жұмыс беруші пайдаланады, бұл елдегі барлық жалдамалы қызметкерлердің 63%-ын қамтып отыр.

"ЭЕБ арқылы жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді де оңай алу мүмкін болады. Өткен жылы 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ретінде тіркелді. Платформа арқылы азаматтар жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем алуға, субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару үшін өтініш бере алады. Биыл аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ЭЕБ арқылы 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды", – деп, атап көрсетті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Бұдан өзге базада халық үшін қажетті дағдылар бойынша Skills Enbek – маркетплейс курстарының онлайн оқыту платформасы жұмыс істейді. Оқыту барлық ниет білдірушілер үшін қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Бүгінгі таңда 157-ден астам курс орналастырылған, олардың 103-і тегін. Соның арқасында 124 мыңға жуық адам түрлі курстан өтіп, тиісті дағдыларды игеру туралы сертификат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу