Жұмыспен қамту экожүйесінде бос жұмыс орын бойынша қосымша дағдыны үйренуге болады

651

Енді Enbek.kz порталында бос лауазымды іздеген кезде Skills.Enbek қысқа мерзімді оқыту порталында тиісті онлайн курс ұсынылатын болады. 

Жұмыспен қамту экожүйесінде бос жұмыс орын бойынша қосымша дағдыны үйренуге болады Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта "Дағдылар банкі" 900 сабақ тобы бойынша топтастырылған 50-ден астам икемді және 8 мыңға жуық кәсіби дағдыларды қамтиды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап inbusiness.kz жазады.

Жұмыс іздеуші Enbek.kz-те жұмыс орнында көрсетілген тиісті дағдылар өзінде жоқ болса, жүйе автоматты түрде цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің элементтерінің бірі - Skills Enbek қысқа мерзімді онлайн оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренуді ұсынады. Онлайн курсты сәтті аяқтаған кезде ізденуші дағдыларды игергені туралы сертификат алады, ол электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Skills Enbek қысқа мерзімді онлайн-оқыту платформасы маркетплейс  қағидаты бойынша онлайн-курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы. Іске қосылған сәттен бастап 142 мың азамат, оның 25 мыңға жуығы жұмыссыз, курстардан өткені туралы сертификат алды. Skills Enbek платформасында барлығы 179,1 мың қазақстандық тіркелді, оның 165,7 мыңы – 2022 жылы тіркелген. Skills Enbek платформасында 162 курс бар, оның 73-і тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу