Жұмысшы жастарға арналған арендалық баспанаға өтініш қабылдау басталады

2126

Жұмысшы жастарға 1 мыңнан аса арендалық баспана беріледі.

Жұмысшы жастарға арналған арендалық баспанаға өтініш қабылдау басталады

Жастар жылы аясында биыл жұмысшы жастарға 1050 арендалық баспана беру жоспарланып отыр. Бұл туралы мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың басым бағыты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету екендігін айтты. Биылғы жылдың қараша айында біз жұмысшы жастарға жалдамалы 1050 пәтерге өтініш қабылдауды бастаймыз. Өтініштер Smart Astana платформасы көмегі арқылы жүзеге асырылады",– деді ол.

Бұған қоса, басқарма басшысы елордада жүргізіліп жатқан жастарды қолдау шараларына тоқталды.

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге  гранттар беріледі. Биыл 63 жас кәсіпкер грантқа ие болды", – деп қосты Рахманберді.

Әкімдік әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға назар аударатыны да айтылды. Мәселен, биыл тұрмысы төмен отбасыларлардың 165 баласы грантқа ие болып, оның 140-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына оқуға түсті. Қалған 25-і педагогика ғылымына байланысты мамандық бойынша білім алып бастады. Сонымен бірге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жататын 49 түлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің арнайы грантына ие болды. Олар жетімдер, баллар үйінің түлектері, мүгедек және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, көпбалалы отбасылардың балалары қала экономикасы үшін маңызды басымлыққа ие мамандық бойынша оқуға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу