Жұмысшыларға жалақы төлеу үшін жолақысын қымбаттатпақшы

954

Жұмысшыларға жалақы төлеу үшін жолақысын қымбаттатпақшы

Ақтөбе автопаркінің басшылары қалалық әкімдікке қоғамдық көліктің жолақысын 55 теңгеден 100 теңгеге өсіру туралы өтініш білдірді.

Бұған  қарызға белшесінен батқан кәсіпорынның жұмысшылардың жалақысын дер кезінде төлей алмауы түркі болды.

"Жанар-жағармай мен бөлшектердің бағасы өсті. 55 теңгеге адам тасымалдауды жалғастыра беретін болсақ,  үлкен қиындықпен бетпе-бет келеміз. Қазірдің өзінде жағдайымыз мәз емес, жұмысшыларға жалақы төлей алмай отырмыз. Осының салдарынан қызмет көрсетуіміздің сапасы да нашарлап кетті", - деп шағымданды  "Автопарк" ЖШС басшылары.

Әкімдіктегілер тасымалдаушыларға тарифті өсіруге рұқсат берген жоқ. Мәселенің қалай шешілетіні әзірше белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу