Жұмысшылары жалақы мөлшеріне наразы кәсіпорындар негізінен Қазақстанның батысында шоғырланған

1030

Ал жалақы бойынша берешек Қазақстан бойынша 901 млн теңгені құрайды. 

Жұмысшылары жалақы мөлшеріне наразы кәсіпорындар негізінен Қазақстанның батысында шоғырланған

Еңбек министрлігі Қазақстанда 66 кәсіпорынға мониторинг жасайды. Қазақстанда жалақы мөлшеріне наразы жұмысшылары бар кәсіпорындар негізінен Маңғыстау (27 кәсіпорын), Атырау (12) және Батыс Қазақстан (7) облыстарында орналасқан. Бұл туралы Еңбек минстрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта тәуекел аймағында орналасқан 46 кәсіпорын бойынша қызметкерлердің негізгі талабы жалақыны арттыру. 

Сондықтан жалдамалы қызметкерлердің жалақыларына олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының түсуі негізінде талдау жүргізілді.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлердің 53,4%-ы (3,1 млн адам) 157 мың теңгеге дейін немесе "медианалық" деңгейден төмен жалақы алды. Еңбекақы мониторингінің нәтижесінде біз әкімдіктерге 2,8 мың ірі кәсіпорынның тізімін жіберіп, олармен кәсіподақтармен бірге жалақыны арттыруға байланысты жұмыс жүргізу қажет", – деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар уақытылы еңбекақы төлеу мәселесі тұрақты бақылауда. Бүгінгі таңда жалақы бойынша берешек 901 млн теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы және мерзімі өткен – 188 млн теңге, банкроттық кәсіпорындарында – 713 млн теңге.

"Жалақы берешегі мәселесіне көзқарас айрықша болуы керек. Әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, жалақы борышы бар әрбір кәсіпорынды, оның ішінде банкроттық кәсіпорындарды да егжей-тегжейлі қарастыруы тиіс. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мыналарды атап өтуге болады. 23 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы бойынша 5,6 млрд теңге қарызды өтеу қамтамасыз етілді. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны 2,5%-ға азайды", – деп қорытындылады Серік Шәпкенов.

Құралай Құдайберген

Фото: ekhokavkaza.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу