Жұмыстан айырылғандар мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 ай өтемақы алады

1020

Өтемақы көлемі айлықтың 40 пайызы көлемінде болады.  

Жұмыстан айырылғандар мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 ай өтемақы алады

Төтенше жағдай кезінде жұмысын жоғалтқандар 6 ай өтемақы алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрмыбетов оның шарттарын түсіндірді.

"Біз осы жылдан бастап мемлекеттік сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізіп үлгердік. Осы өзгерістер бойынша, егерде сіз жұмыс істеп жүріп жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз, себептілігіне қарамастан, мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 ай бойы әлеуметтік төлем алуға құқыңыз бар. Ол әлеуметтік төлемнің мөлшері орта есеппен сіздің жоғалтқан жалақыңыздың 40 процентін құрайтын болады. Ол үшін жұмыстан босап қалған азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелсе жеткілікті. Оған міндетті түрде проактивті режимде әлемуеттік төлем тағайындалады. Осы жағдайды ескере отырып, тәуекелдерді ескере отырып Үкіметтің тарапынан қазір жұмыспен қамтудың жаңа картасы зәріленіп жатыр", – деді Біржан Нұрымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу