Жұмыстан заңсыз қуылған мұғалімдерге мектеп 10 млн теңге төлейтін болды

226

Талап қою арыздары ішінара қанағаттандырылды. 

Жұмыстан заңсыз қуылған мұғалімдерге мектеп 10 млн теңге төлейтін болды Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында жұмыстан заңсыз қуылған үш мұғалім директормен соттасып, қызметтеріне қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жуалы аудандық сотында анықталғандай, мектеп директоры мен талап қоюшылардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босатылуы турасында еңбек дауы туындаған. 

Білім ордасының басшысы талап қоюшыларды зейнеткерлік жастарына келуіне байланысты еңбек шартының тоқтатылатыны туралы зейнетке толғанға дейін ескерту хатымен таныстырған. Бұл зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде 1 ай бұрын хабардар ету қажеттігі туралы құқықтарын бұзған.

"Өз талап қою арыздарында мұғалімдер соттан жұмыстан босату туралы хабарлама мен бұйрықты заңсыз деп тануды және күшін жоюды, бұрынғы жұмыс орнында қалпына келтіруді, мәжбүрлі түрде кеткен уақыт үшін жалақыны өндіріп алуды, өкілдің қызметтері үшін моральдық зиян мен шығындарды өндіріп алуды сұрады", – делінген хабарламада.

Сот шешімдерімен талап қою арыздары ішінара қанағаттандырылды. Жұмыстан босату туралы хабарламалар мен бұйрықтар заңсыз деп танылып, мұғалімдер бұрынғы лауазымдарына қалпына келтірілді. Сонымен қатар талап қоюшылардың пайдасына жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам жалақы, 300 мың теңге моральдық зиян және өкілдің қызметтері үшін 900 мың теңге мөлшерінде шығыстар өндірілді. 

Бұл шешімдер заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу