Жұмысын тоқтатқан банктер салымдарды қайтара бастады

959

Жұмысын тоқтатқан банктер салымдарды қайтара бастады

  

 

Жұмысын тоқтатқан "Delta bank" пен "Қазинвестбанкте" қалып қойған  депозиттер "Центркредит" банкі арқылы иелеріне қайтарылып жатыр.

Естеріңізге салсақ, "Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры" екі банктің салымдарын төлеу үшін агент ретінде "Центр кредит" банкін таңдады. "Дельта банктің" салымдарын төлеу 17 мамырда басталып,  қарашаға дейін жалғасады. Қазірге дейін 41 млн  теңге немесе барлық міндеттеменің 29%-ы иелеріне берілді. Яғни 52 адам ақшасын қайтарып алған. Ал жалпы алғанда банк 2244 қазақстандықтың 141 млн теңгесін төлеуге тиіс. Әлі 2192 салымшы 100 млн теңгесін алып кетуі қажет. "Қазинвест банкке" келсек, бүгінгі таңда 8 жеке тұлға 1 млн 800 мың теңгесін алып үлгерген. Бұл банк міндеттемесінің 87%-ын құрайды.  Айта кетейік "Қазинвестбанктің" депозиттерін қайтару мерзімі 13 тамызда аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу